Үй иесін өлтіріп пәтерін иемденген: Алматыда күдіктілер ұсталды

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үй иесін өлтіріп пәтерін иемденген. Алматыда 61 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен 4 адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олардың бірі - әйел. Тергеу дерегі бойынша, күдіктілер марқұмның мүлкін заңсыз алу үшін ажал құштыруы мүмкін. Үйдің бейнебақылау камерасына жазылған кадрлардан, белгісіз азаматтардың ес-түссіз жатқан адамды арқалап бара жатқаны анық көрінеді. Төрт күдіктінің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

«Қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ-нің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Оқи отырыңыз: Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті