Ұлдана Мырзуанның ісі: сотта бұрынғы инспектордан жауап алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста сот сарапшысынан, сондай-ақ қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бұрынғы инспекторынан жауап алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Екінші куәгер Жасұлан Мырзахметовке 8 жыл бұрын көпқабатты үйді тексеру кезінде қасбеті қаралды ма деген сұрақ қойылды. Ол тексерістің расымен жүргізілгенін мәлімдеді. Алайда нақты мән-жайды және қандай олқылықтар анықталғанын, 2017 жылғы техникалық қорытындының бар-жоғын есіне түсіре алмады. Сондай-ақ Мырзахметов тиісті құжатты бұрынғы басқарушы алғанын да нақтылай алмады.

«Бұрын-соңды қабылданды, расталды деген құжаттарды заң бөліміне электронды пошта арқылы тапсыратынбыз. Ал пошта құжатты біз көрсеткен адамға жіберетін. Ал бұл тексеріс бойынша ештеңе айта алмаймын», – деді  қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасының бұрынғы Инспекторы Жасұлан Мырзахметов.

Оқи отырыңыз: СҚО-да құс өлімі көбейді: шығын 13 мың бастан асты