Желіде Ақтау тұрғынының ұлының өлімінің мән-жайын анықтау үшін көмек сұраған өтініші пайда болды
Ақтау тұрғыны ұлының өліміне қатысты куәгерлерді табуды сұрап, әлеуметтік желіде жұрттан көмек сұрады. Маңғыстау полициясы оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін, 15 маусымда жергілікті Instagram-парақшаларда Ақтау тұрғынының ұлының өлімінің мән-жайын анықтау үшін көмек сұраған өтініші пайда болды.
«Көмектесіңіздерші! Сәрсенбі күні, 11 маусымда ұлымды өлтіріп кетті. Мүмкін көлігінде бейнежазба жазылып қалғандар бар шығар: сұр түсті»девятка» көлігі, мемлекеттік нөмірі P947NAM. Бесінші сорғы станциясы, «Орбита» спорт кешені, өндірістік аймақ маңында жүрген. Кімде қандай ақпарат болса да, көмектесіңіздерші», - делінген хабарламада.
Маңғыстау облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 001-бабы – «Адам өлімі» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Кеше, 14 маусымда 102 пультіне қоңырау түсті. Көліктен 1993 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Сараптама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Петропавлда жолаушы такси жүргізушісін айуандықпен өлтірген