"Жастар рухы" ұйымының мүшелері қиын сәтте бірігуге шақырды
Ұшақ апатына байланысты алматылықтар мен "Жастар рухы" ұйымының мүшелері қан орталығына келіп, донор болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар ізгі бастамасымен үлгі көрсетіп, қиын сәтте бірігуге шақырды.
"Қиын сәтте алыстағы азаматтарға көмегімізді көрсету мақсатында жиналып жатырмыз. Бастаманы қаламыздың жастары қолдап жатыр, мейірімділік қанымызда бар", – деді «Жастар рухы» ЖҚ қалалық филиалының төрағасы Әкежан Кеңесов.
Қала тұрғындары мұндай сәтте тартынып қалмайды. 2019 жылы қала маңында болған ұшақ апатында қан тапсыруға келген еріктілер ғимаратқа сыймай қалған.
"Келіп қан өткізіп жатқан жастарға, қайырымдылық көрсеткеніне, шын жүректен көмек көрсетуге ұмтылғандарына рақмет айтамыз. Біз қан өткізуге келген донорларды әр уақытта қарсы аламыз. Себебі әрбір тамшы қан біз үшін өте қымбат", – деді қалалық қан орталығының бөлім меңгерушісі Нұрдәулет Әбдіқадыров.
Оқи отырыңыз: Әзербайжан халқымен біргеміз: елордалықтар елшілік алдына гүл шоғын қойды