Алматы тауларында 3300 метр биіктікте құтқару операциясы жүргізілді

МЧС РК
МЧС РК

ТЖМ құтқарушылары Космостанциядан түсу кезінде жүрегі ауырған туристке көмек көрсетті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Бостандық ауданында, теңіз деңгейінен 3300 метр биіктікте, Космостанция маңында туристік топтың бір мүшесінің жағдайы нашарлап, оған шұғыл көмек қажет болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, туристің бұрын жүрек ауруымен есепте тұрғаны белгілі болды. Таудан түсу кезінде оның жүрек тұсы шаншып ауырып, тамыр соғысы жиілеген. Оның өміріне қауіп төнгендіктен, құтқарушыларға жедел хабар берілген.

ТЖМ құтқару қызметінің тобы шақыртуға дер кезінде жетті. Мамандардың үйлесімді әрекетінің арқасында турист таудан аман-есен түсіріліп, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды. Қазіргі таңда туристің жағдайы тұрақты, ол дәрігерлердің бақылауында.

Құтқарушылар еске салады: таулы аймақта қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды. Маршрутқа шықпас бұрын, әсіресе биік таулы жерлерге көтерілерде денсаулық жағдайыңызды ескеріп, физикалық жүктемені дұрыс бағалау қажет.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жасырын ломбардтар әшкере болды: қылмыстық іс сотқа жолданды

Новости партнеров