URAQTY JOL - мәдени және экологиялық құндылықтарды қалыптастыратын білім беру бағдарламасы
Алматыда Youth Eco Camp үздік экологиялық жобалар апталығы өтті. «Turaqty Jol 7.0» ұлттық әлеуметтік экокомпания аясындағы байқауға елімізде іріктелген 18 команда қатысып, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобалар мен стартаптарын таныстырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Қатысушылар 7 күндік иммерсивті білім беру бағдарламасында экология, кәсіпкерлік, медиа, қаржылық сауаттылық және инновация саласының жетекші сарапшыларынан дәріс алып, шеберлік сағаттарына қатысты. Биыл жетінші рет өткізіліп отырған жобаны Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясы ұйымдастырған.
«Youth Eco Camp» эколагеріне 400-ге жуық өтінім қабылдаған. Ең үздік 18 команданы іріктеп алдық. Олар 26 шілдеден 1 тамызға дейін эколагерьді өтіп жатыр. «Youth Eco Camp-тың» жүлде қоры – 5 миллион теңге. Ол 3 командаға, яғни ең үздік 3 командаға бөлініп берілетін болады. Ол жалпы жүлде қоры сол командалардың жобаларын әрі қарай арттыруға арналған», – деді Қазақстандық ұлттық Юнеско клубтары федерациясының ұлттық үйлестірушісі Айсана Мирам.
URAQTY JOL - өскелең ұрпақтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті, мәдени және экологиялық құндылықтарды қалыптастыратын білім беру бағдарламасы. Экологиялық байқау қатысушылары Шымбұлақта ағаш отырғызып, Астанада өтетін ESG тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысады.
«Қазақстанда ауқымды экологиялық. проблема бар Мыс өндіретін немесе басқа металл өндіретін зауыттарда көптеген ағынды сулар шығады және ол ағынды сулардың құрамында ауыр металлдар бар. Олар экологияға да, адамға да зиянын тигізеді. Сондықтан оны шешу үшін электрохимиялық прототипін әкеліп отырмыз», – деді «Youth Eco Camp» жобасының финалисі Ғазиза Төлепбек.
Оқи отырыңыз: Қайтарылған активтер: Жамбыл облысында ауылдар көгілдір отынмен қамтылды