«Жалған үлескерлердің» заңсыз әрекеті әшкереленді

Бостандыққа шыққаннан кейін Байжұманов заңсыз әрекеттерін қайта жалғастырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және мүгедектігі бар азаматтарға бөлінген пәтерлерді заңсыз иемденбек болғандар ұсталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, бұл іске бұрын сотталған азаматтың қатысы бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

Анықталғандай, 2014-2016 жылдары «Төленді» тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқарған Байжұманов пайшылардың қаражатын жымқырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін кооперативке тиесілі, бірақ аяқталмай қалған бірқатар пәтерлердің құрылысын Астана қаласының әкімдігі аяқтап, оларды әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған тұрғын үй ретінде рәсімдеген.

Алайда бостандыққа шыққаннан кейін Байжұманов заңсыз әрекеттерін қайта жалғастырған. Тергеу мәліметінше, ол «өткен күнмен рәсімделген» жалған құжаттарды пайдаланып, аталған пәтерлерді заңсыз иемдену схемасын жүзеге асырған. Соның салдарынан 80-нен астам адам «жалған үлескер» ретінде жәбірленуші деп танылып, уәкілетті ұйым арқылы 170 жылжымайтын мүлік нысанына заңсыз құқық рәсімделген.

«Пәтерлерді өтеусіз алғаннан кейін Байжұманов пен оның сыбайластары оларды үшінші тұлғаларға сатуды жоспарлаған. Осылайша жалпы құны 2,3 млрд теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз иемдену әрекетінің жолы кесілді. Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңызх: Еліміз бойынша салынып жатқан 124 үйдің құрылысы проблемаға айналуы мүмкін

Новости партнеров