Полиция аталған топ мүшелерінің 39 жылқыны ұрлағанын дәлелдеді
Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер далада қараусыз жайылып жүрген малды бақылауға алып, түнгі уақытта «Газель» автокөлігімен келіп, жылқыларды тиеп әкетіп отырған. Ұрланған мал кейін көршілес аудандарға жеткізіліп, жергілікті тұрғындарға сатылған. Қазір полиция аталған топ мүшелерінің жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 39 жылқыны ұрлағанын дәлелдеді.
Барлық күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.
«Еске саламыз, мал ұрлығын жасағаны үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Мал иелеріне малдарын міндетті түрде сәйкестендіріп, қараусыз қалдырмау ұсынылады», – деді ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.
Оқи отырыңыз: Баспананың қабырғасы құлады: Кентауда 47 үйдің ауласын су басып қалды