Референдумға дейін:
10
күн
16
сағат
26
минут

Жамбыл облысында заңсыз жүрген 125 шетелдік елден шығарылды

Басым көпшілігі елге жұмыс істеу мақсатымен келеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында жыл басынан бері заңсыз жүрген 125 шетелдік елден шығарылды. Соңғы екі ай ішінде құқық қорғаушылар көші-қон заңнамасын бұзған 540 адамды анықтаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басым көпшілігі елге жұмыс істеу мақсатымен келеді. Шетелдіктер – әсіресе Тәжікстан, Қытай, Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары. Олар аймақта құрылыс нысандарында, дәмханаларда жұмыс істеген. Шу ауданындағы зауыт құрылысында 70 Қытай азаматы да анықталды. Ұсталғандардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 22 миллионнан аса теңге айыппұл салынды. Соттың шешімімен 100 жұмыс беруші жауапқа тартылған.

«Шетелдіктерден Өзбекстан Қырғызстан Түркіменстан азаматтары басында жұмысқа немесе оқу мақсатында келеді. Келу барысында заңнаманы бұзады. Содан кейін ел аумағында тығылып жүреді. Сол уақытты құжатының мерзімі өтіп кетеді не болмаса жоғалтып алғандар бар. Барлығына құжат жасап, әкімшілік жауапкершілікке тартып, еліне қайтарылды», – деді Жамбыл облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Нұрлан Мырзай.

Оқи отырыңыз: Павлодар әуежайындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров