Жамбыл облысында жер сілкінісінен кейін жолдар толық тексерілді

Республикалық жолдардағы қозғалыс штаттық режимде жалғасып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында бір апта ішінде үш мәрте жер сілкінісі тіркеліп, оның ең жоғары магнитудасы 4,5 баллға жетті. Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдардың жағдайы тексерілді,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» мамандары өңірдегі транзиттік дәліздердегі инфрақұрылым нысандарын толық аралап шықты.

Жалпы сегіз аудандағы 14 жол айрығы, сегіз теміржол өткелі, 100-ге жуық көпір және үш жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі тексерілді.

Тексеру нәтижесінде ірі зақым немесе қауіпті ақаулар анықталған жоқ.

Қазір республикалық автожолдарда көлік қозғалысы қалыпты режимде жалғасып жатыр.

«Жер сілкінісі кезінде жарықтар пайда болған жағдайда, алдымен оның қандай жарық екенін, апатты ма, жоқ па, соны зерделейміз. Егер апатты болса, алдын ала тиісті өкілдерге хабар беріледі.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шаралары ұйымдастырылады. Үш жер сілкінісі кезінде ондай қауіпті жарықтар мен елеулі ақаулар пайда болған жоқ», – деді «ҚазАвтоЖол» АҚ Жамбыл облыстық филиалының бөлім басшысы Біржан Әшіров.

Оқи отырыңыз: Атырауда заңсыз ақша алған дәрігердің әрекеті әшкереленді