Жаңа мұнай өңдеу зауыты Ұлытау облысында салынуы мүмкін

Вице-министр сарапшылар жобаны мұқият зерттеп, есептеулер жүргізіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент айтқан жаңа мұнай өңдеу зауыты Ұлытау облысында салынуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Оның сөзінше, нысанның құрылысын бастау үшін бірнеше өңір қарастырылуда. Вице-министр сарапшылар жобаны мұқият зерттеп, есептеулер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ зауытты қандай қаражатқа салатыны да талқыланып жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында елде отынға деген сұраныстың жоғары екенін айтып, жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртып, жаңа зауыт салуды тапсырған.

«Тұтыну көлемі артып келе жатқандықтан, мұнай өңдеу зауытын салу қажет. Бізге тиісті тапсырма берілді. Құрылысты бастау үшін бірқатар өңірді қарастырып отырмыз. Бәлкім Ұлытау облысында бой көтеруі мүмкін. Қазір сарапшылар қауымдастығы жұмыс істеп жатыр. Техникалық егжей-тегжейлері, сипаттамалары мен орналасатын орны белгілі болған кезде нақты айтамыз», – деді ҚР Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев.

Оқи отырыңыз: Елімізде газбен жүретін көліктерге қандай тыйым енгізіледі

Новости партнеров