Жарты миллион бала бір мезгілде көпшілікке танымал күйлерді орындады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі
ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Іс-шараның мақсаты – ұлттық мәдени мұраны сақтау, балалардың домбырада ойнау шеберлігін насихаттау

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа Конституцияны қолдау мақсатында еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар акциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқу-ағарту министрлігінен хабарлағандай, іс-шараның мақсаты – ұлттық мәдени мұраны сақтау, білім алушылардың эстетикалық талғамы мен патриоттық сезімдерін күшейту, сондай-ақ балалардың домбырада ойнау шеберлігін насихаттау.

Акция биыл цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект әлеуетіне баса назар аудара отырып жүзеге асырылды.

 Тақырыпқа орай: Алматыда 11 500 домбырашы Наурыз мейрамының құрметіне ұлттық рекорд орнатты

Акция барысында қатысушылардың таңдауы бойынша бір мезгілде халық күйі «Тепеңкөк», «Әлқисса», «Ерке сылқым» секілді танымал күйлер орындалады.

Іс-шараға тек мектеп оқушыларын ғана емес, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың ең кішкентай тәрбиеленушілері және колледж студенттерін де қатысты.

Тақырыпқа орай: Алматыда 500 студент «Ерке сылқым» күйін орындады

Маңғыстау облысында қатысушылар тек домбырада ғана емес, сондай-ақ жетіген секілді көне ұлттық аспаптарда да күйлер орындап, қазақтың музыкалық мұрасының байлығы мен тереңдігін көрсетті.

Ал Астана қаласында Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері балалармен бірге күй тартты.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарға ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат берілуі мүмкін

Новости партнеров