Жауапты міндет: Алматыда жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің жиыны өтті

Жиында сөз алғандар сервистік аппаратты қалыптастыру ісіне де айрықша тоқталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттік қызмет – халық пен мемлекет арасындағы алтын көпір қызметін атқарып тұрған жауапкершілігі мол міндет. Бүгін Алматыда жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің жиыны өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Басқосуда оларға қойылатын Әдеп кодексі талаптарының сақталуы кеңінен талқыланды. Яғни, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен атқару, мемлекеттік қызметшінің қоғам алдындағы беделі мен мінез-құлқы, қызметтік этиканы сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Одан бөлек, спикерлер қоғам мәдениеті, отбасылық құндылықтар мен салт-дәстүрді құрметтеу, бағалау сынды тақырыптарды қозғады. Сондай-ақ жиында сөз алғандар сервистік аппаратты қалыптастыру ісіне де айрықша тоқталды.

«Сервистік аппарат мемлекеттік органда азаматтардың өтінішін, олардың мәселесін нақты шешуге бағытталған қызмет. Сонымен қатар, дебюрократизация кедергілерін азайту, азаматтарға мемлекеттік қызметті оффлайн және онлайн форматта қатар сапалы көрсету», – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Еркеболат Нұржігітов.

Оқи отырыңыз: Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін: Алматыда қалалық коалиция құрылды

Новости партнеров