Жамбыл облысында шетел азаматын пышақтаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты

Жанармай бекетінде тұрған мотоцикл иесіне әлдебір азамат пышақ сұғып, ауруханадан бір-ақ шығарған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында мотоцикл тізгіндеген шетел азаматын пышақтаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Сот пышақ ала жүгірген күдіктіні 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға үш ай бұрын Меркі ауданында болған. Жанармай бекетінде тұрған мотоцикл иесіне әлдебір азамат пышақ сұғып, ауруханадан бір-ақ шығарған. Тергеу мәліметінше, екі тарап алдымен сөзге келіп қалған көрінеді. Ашуға булыққан азамат жәбірленушінің арқасы мен оң жақ кеуде тұсына пышақ салады.

Қылмыскерге суық қаруды заңсыз алып жүрді және бұзақылық ниетпен адам өлтіруге оқталды деген айып тағылғанын еске салайық

Кінәлі темір торға қамалып қана қоймай, 500 мың теңге моральдық және 1 млн 300 мың теңгеден астам мүліктік залалды өтеуге міндеттелді.

«Сот үкімімен сотталушы ҚК 287-баптың, бірінші бөлігі. 24-баптың 3-бөлігі, 99-баптың 2-бөлігінің 9-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті 11 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деді Жамбыл облыстық сотының баспасөз хатшысы Алина Райымбаева.

Оқи отырыңыз: Тұрғындар жағымсыз иіске тұншығып отыр: Ақтауда кәріз суы далаға төгіліп жатыр

Новости партнеров