Жасыл мектеп: жобаға алматылық оқушылары атсалыспақ
Almaty.tv
Игі бастама білім ошақтарында эко-белсенділер тобын құруға бағытталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Жасыл мектеп» жобасына биыл Алматыдағы 50 мектеп атсалысады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Игі бастама білім ошақтарында эко-белсенділер тобын құруға бағытталған. Науқан екі жыл бұрын пилоттық режимде іске қосылған. Жоба қолдаушыларының айтуынша, акция экологиялық білім беріп қана қоймай, оқушылардың зерттеу қабілетін дамытуға ықпал етеді. Сондай-ақ қатысушыларды ынталандыру мақсатында байқау ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар табысталады.
Жобаның аясында оқушыларға эко шеберлік сыныбын өткіземіз. Оларда қалдықтарды қалай дұрыстап сұрыптау керегін айтамыз. Әр мектепте қалдықтарды сұрыптауға арналған арнайы эко бокстар орнатылады, – деді эко-жаттықтырушы Сәния Арынова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
28.10.2026 21:47