Жетісу облысында көлік ұрлап, ізін суытқан ер адам ұсталды

стоп кадр/ ҚазАқпарат
стоп кадр/ ҚазАқпарат

Қазір көлік заңды иесіне қайтарылып, күдікті қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талдықорған қаласынан жеңіл көлікті ұрлаған 33 жастағы азамат Алматы облысы, Бесағаш ауылында тұтқындалып, қамауға алынды. Тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті Mercedes маркалы автокөлікті ұрлап, Бесағаш ауылына жасырынып үлгерген. Полиция қызметкерлері қылмыс жасаған азаматтың мекен жайын анықтап, жедел іс-қимылдың нәтижесінде оны тұтқындаған. Қазір көлік заңды иесіне қайтарылып, күдікті қамауға алынды.

"Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Заңнамаға сәйкес автокөлікті ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Кінәлі адамға мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, 600 сағатқа дейін түзеу немесе қоғамдық жұмыстар, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Айта кетейік полиция қызметкерлері азаматтарға мұқият болуды және өз мүлкін қорғау үшін барлық сақтық шарасын жасауды ескертеді.

Оқи отырыңыз: Оралда есірткі сатушылардың әрекетіне тосқауыл қойылды

 

Новости партнеров