іс-шараға Оңтүстік Корея мен UIB-дің студенттері қатысты
Демалыс күндері Алматыда халықаралық поэзия байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған іс-шарада Оңтүстік Корея мен UIB-дің студенттері бақ сынады. Әр елдің білімгерлері ана тілінде жыр оқып, ұлттық би билеп, мәдениетін таныстырды. Байқау соңында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды. Екі тарап алдағы уақытта мәдени ынтымақтастықты арттыруға ниетті.
"Корея елінен келген делегация құрамында 20 адам бар. Бұл іс-шара өте маңызды. Студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту – Оңтүстік Корея мен Қазақстанның арасындағы мәдени, әдеби тәжірибе алмасудың көрінісі", – деді К. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің халықаралық бөлім директоры Фариза Исмаилова.
"Біз үшін екі елдің арасындағы мәдени байланыс өте маңызды. Осы мақсатта көпшілікке мәдениетімізді таныстырып жатырмыз. Қазақ халқы қонақжай. Бізді керемет қарсы алып, салт-дәстүрін паш етуде. Алдағы уақытта ынтымақтастығымыз арта береді деп сенеміз", – деді Халықаралық поэзия әуесқойлары қауымдастығының президенті Сун Хёк Гон.
Оқи отырыңыз: Сабыртай Айпейісов: Ауыл-аймақты таза ұстап, көркейту - міндетім