Жоғалған отбасы: Ақбаян Мұқанғалиева психиатриялық ауруханадан Алматыға жеткізілді

Бұл ақпаратты прокурорлар растап отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысы Жангелдин ауылындағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты тың деректер пайда болды. Бүтін бір отбасының өліміне қатысы бар деп танылған Ақбаян Мұқанғалиева психиатриялық ауруханадан Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл ақпаратты прокурорлар растап отыр. Бұған дейін ол сот санкциясымен қаладағы арнайы медициналық мекемеге орналастырылған еді. Ал бас күдікті, отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиевке тергеу кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындаған.

«Күдікті С.Сарсемалиевке қатысты кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасы тағайындалды. А.Мұқанғалиева стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасын тағайындау үшін Алматы қаласындағы сот сараптамалары институтына жіберілді. Қазіргі уақытта А.Мұқанғалиеваның әрекеті сараланбаған, оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмады.Күдіктілердің әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға мен саралау барлық мән-жайлар толық анықталып, тағайындалған сараптамалардың нәтижелері алынғаннан кейін берілетін болады», Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек .

Есте болса, былтыр желтоқсанда Атырау облыстық полициясы іс-түссіз жоғалған бір отбасының 4 адамына іздеу жариялаған. Істе бастапқыда отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті деп танылды. Ал оның әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваға хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша іздеу жарияланды. Содан кейін екеуінің де күдікті деп танылғаны айтылды. Олар Индонезияда ұсталған болатын.

Оқи отырыңыз: Атыраулық ғалымдар табиғи апаттың алдын алатын жаңа жоба ойлап тапты

Новости партнеров