Түрікменстан Олимпиада ойындарындағы алғашқы күміс медалін алды
rbk.ru
Ауыр атлет Полина Гурьеваның бұл жетістігі Түрікменстанның жаңа тарихындағы алғашқы олимпиадалық медалі саналады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түрікменстандық штангашы Полина Гурьева Токиода өтіп жатқан ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі twesco.org-ке сілтеме жасап.
Ауыр атлет Полина Гурьеваның бұл жетістігі Түрікменстанның жаңа тарихындағы алғашқы олимпиадалық медалі саналады.
Полина Гурьева 59 килоға дейінгі салмақтағы жұлқи көтеруде – 96 келі, ал серпе көтеруде 121 келі салмақты бағындырып, қортынды нәтижеде 217 келі көтерді.
П. Гурьева 22 жаста, ол осылайша Түрікменстан тарихында Олимпиада медалін жеңіп алған алғашқы спортшы болды. Айта кету керек, бұл оның алғашқы Олимпияда ойындарына қатысуы. Бұған дейін ол 2017 жылы Бакуде өткен Ислам Ынтымақтастық ойындарында чемпион атанған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33