38 градусқа дейін ыстық: 30 мамырға арналған ауа райы болжамы

inbusiness.kz
inbusiness.kz
Сондай-ақ ел аумағында жел күшейеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 30 мамырда елдің бірнеше өңірінде 38 градусқа дейін ыстық болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының батысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Түнде шығысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 37 градус қатты ыстық болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл соғады. Жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, екпіні 18 м/с жетеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Астанада күндіз найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23 м/с жетеді.

Шымкентте 30 мамырда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Новости партнеров