Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 15 мамырға арналған ауа райы болжамы

mobillegends.net
mobillegends.net
Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста тұман түседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМК-сы 15 мамырға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Күндіз елдің оңтүстік-батысында найзағай ойнап, нөсер жауын, бұршақ жауады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста тұман түсіп, күндіз оңтүстікте – шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі.

Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1-3 градус үсік, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, Жетісу және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Новости партнеров