Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

dzen.ru
dzen.ru
Түркістан облысының тауында найзағай, бұршақ күтіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы өзгереді, дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Жетісу облысы

12 сәуірде Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 

Талдықорған к.: 12 сәуірде түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Атырау облысы

12 сәуірде күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22 м/с. 

Атырау қ: 12 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с.

Маңғыстау облысы

12 сәуірде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 18-23 м/с күтіледі. 

Ақтау қ.: 12 сәуірде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

12 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. 

Орал қ.: 12 сәуірде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Павлодар облысы

12 сәуірде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

12 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. 

Петропавл қ.: 12 сәуірде күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

12 сәуірде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

12 сәуірде Түркістан облысының тауында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

12 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 12-13 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Оқи отырыңыз: Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Новости партнеров