Шаңды дауыл, найзағай: 4 мамырға арналған ауа райы болжамы
pixabay
Қар түсуі ықтимал
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазгидромет мамандары 4 мамыр, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың батысында нөсер жаңбыр, кей уақытта найзағай мен бұршақ жауады.
Оңтүстік-шығыс пен шығыста жаңбыр мен қар түсуі ықтимал.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста - шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман түседі.
Түнде Алматы, Жетісу, Қостанай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1-6 градус үсік жүреді.
Түркістан облысының солтүстігі мен батысында, таулы аудандарында жел екпіні - 23-28 м/с, күндіз таулы аудандарда 30 м/с асады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33