|
06.03.2023 | 09:01
3849

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты жел болады

Тұман мен көктайғақ болады деп күтіледі

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты жел болады ru.sputnik.kz

«Қазгидромет» РМК еліміздің басым бөлігіндегі қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктер көптеген өңірде тұман, қатты жел тіркелетінін болжайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аймақтарында тұман түседі, оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі, әсіресе 6 наурызда түнде және таңертең Атырау қаласында да тұман болады деп болжанады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал облыстың батысы мен шығысында түнде, ал батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде түнде 15-20 м/с, ал күндіз өңірдің батыс, солтүстікте және шығыс бөлігінде 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысының солтүстікте және орталығында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

6 наурызда Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын болады, әсіресе өңірдің солтүстігі мен шығыс бөлігінде. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде боран мен көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Өскемен қаласында 6 наурызда түнде және таңертең қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде Абай облысының басым бөлігінде, ал күндіз орталығында қар аралас жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында боран, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында оңтүстіктен немесе оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, ал түнде 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман мен көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир