|
30.09.2023 | 09:15
6303

Қар аралас жаңбыр жауады: 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Кейбір өңірлерде өрт қаупі сақталады

Қар аралас жаңбыр жауады: 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы Фото: inbusiness.kz

«Қазгидромет» РМК-сы 30 қыркүйекке арналған райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы облысы

30 қыркүйекте түнде Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

30 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысы

30 қыркүйекте түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

30 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысы

30 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с. 30 қыркүйек -01 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 30 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 30 қыркүйек -01 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 30 қыркүйек -01 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

30 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Орал қ.: 30 қыркүйекте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ұлытау облысы

30 қыркүйекте күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. 30 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

30 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Петропавл қ.: 30 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысы

30 қыркүйекте күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 30 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 30 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысы

30 қыркүйекте түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодар қ.: 30 қыркүйекте түнде тұман күтіледі.

Жамбыл облысы

30 қыркүйек – 02 қазанда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 30 қыркүйек – 02 қазанда облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 30 қыркүйек – 02 қазанда күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 30 қыркүйек – 02 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 30 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. 30 қыркүйек – 02 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

29 қыркүйек-01 қазанда Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 29 қыркүйек-01 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз: Mount Fest 2023: Алматыда халықаралық тау спорты фестивалі басталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир