Қазгидромет синоптиктері 29 шілде, сенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атмосфералық фронттардың ықпалымен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдап, дауыл тұрады.
Тек республикамыздың оңтүстігінде жауын-шашын жоқ, күн ашық.
Ел бойынша жел күшейеді.
Күндіз Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында 35-41°С қатты ыстық болады.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде +42°С өте қатты ыстық сақталады.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Атырау облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Оқи отырыңыз: Ақжар шағынаудан тұрғындары ауыз сумен қашан қамтамасыз етіледі