|
07.10.2023 | 12:44
10789

Жаңбыр жауады, найзағай ойнайды: 7 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның кейбір аумағында бұршақ жауады

Жаңбыр жауады, найзағай ойнайды: 7 қазанға арналған ауа райы болжамы Сурет: chemwatch.net

Маңғыстау облысы

07 қазанда Манғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с. Ақтау қ.: 07 қазанда күндіз қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

07 қазанда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі.

Атырау облысы

07 қазаннан күндіз Атырау облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 07 қазаннан облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: 07 қазанда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысы

07 қазанда түнде Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с. 07 қазанда облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 07 қазанда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 07 қазанда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

07 қазанда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды қ.: 07 қазанда күндіз найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы


07 қазан күні түстен кейін Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыс, батыс 9-14, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 15-20 м / с.


Алматы облысы

07 қазанда таңертең және күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

07 қазанда түнде Ақмола облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Ақтөбе облысы

07 қазанда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15 м/с.

Абай облысы

07 қазанда Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман күтіледі. Семей қ.: 07 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

07 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Өскемен қ: 07 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысы

07 қазанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

07 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысы

06 қазанның сағат 21.00-ден 07 қазанның сағат 21.00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

06 қазанның сағат 21.00-ден 07 қазанның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Жамбыл облысы

07 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 06-07 қазанда күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, 08 қазанда таулы аудандарында найзағай күтіледі. 06 – 08 қазанда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 06 – 08 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 06 қазанда күндіз, 07 қазанда тәулік бойы найзағай күтіледі. 06 – 08 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

05-07 қазанда Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 05-07 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 9-15 қазан аралығындағы ауа райы болжамы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир