|
01.02.2019 | 10:40
3630

Алматыға 15 сантиметр қар жауды

Қаланы қардан тазартуға 860 арнайы көлік, 2620 жұмысшы жұмылдырылды

Алматыға 15 сантиметр қар жауды Управление зеленой экономики г. Алматы

Алматыда қаңтардың соңғы күні жауған жаңбыр қалың қарға ұласты. Оңтүстік астанадағы ақ ұлпа тау етегіндегі аудандарда 25 сантиметр болса, қалада 15 сантиметрді құраған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «жасыл» экономика басқармасына сілтеме жасап.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында құм шашатын 155 көліктің кезекшілігі ұйымдастырылды.

Көшені қардан тазартуға 860 арнайы көлік, 2620 жұмысшы жұмылдырылды.

Көктайғаққа қарсы 4262 тонна материалдар жұмсалды.

Кешкі және түнгі уақыттарда тас жолдар мен тротуарлар қардан тазартылды.

«Таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша қалаға 15 см қар түскен, таулы аймақтарда оның деңгейі 25 см асады. Бұдан бөлек, түнгі уақыттарда қарды жаппай шығару ұйымдастырылған. Бұл жұмыстар таңғы көлік кептелісінен кейін қайта жалғасады. 1100 текше метр қар шығарылды. Күндізгі уақытта тротуарлар мен аялдамаларды қардан тазартуға көңіл бөлінеді», - делінген хабарламада.  



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир