Алдағы демалыс күндері магнит дауылы болуы мүмкін

Сурет: unsplash
Сурет: unsplash
Ауа райына ерекше сезімтал адамдарға кеңес
Жаңалықтармен бөлісіңіз

7 қазан, сенбі күні шағын геомагнит дауыл болады деп болжанды. Бұл туралы Ғарышты зерттеулер институтының Күн рентгендік астрономия зертханасы мәлімдеді, деп хабарлайды, Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, күрделі геомагнит ошағы болмайды. Магнит дауылының күші әлсіз, G1 санатына сәйкес келеді.

Мұндай әлсіз және орташа геомагнит дауылдар әдетте Жерге айтарлықтай әсер етпейді. Дегенмен ауа-райына ерекше сезімтал адамдар әлі де бас ауруы, мигрень, әлсіздік, ұйқышылдық, бұлшықеттер мен буындардағы ауырсынудан зардап шегеді.

Сарапшылар қазан айында күші әртүрлі бірнеше магнит дауылы болатынын айтты. Атап айтқанда, айдың соңында – 29 және 30 қазанда шамалы өзгерістер болжанды.

Магнит дауылы кезінде Күннің әсерін қалай болдырмауға немесе азайтуға болады:

Күннің астында көп жүрмеңіз.

Таңертең жаттығу жасаңыз. Бірнеше қарапайым жаттығулар қан айналымын жақсартады, күйзеліс пен ауа райына тәуелділікті жояды.

Тыныс алу жаттығуларын жасаңыз, мысалы, жаяу жүргенде.

Әр 10-15 секунд сайын суық және ыстық суды ауыстырып, контрасты душ қабылдаңыз.

Оқи отырыңыз:Артериялық гипертония дертінің салдары қандай

Новости партнеров