Тұман, найзағай, бұршақ: 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

vsegda-pomnim.com
vsegda-pomnim.com
Кей аймақта үсік жүреді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Маңғыстау облысы

10 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік- батысқа ауысады, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 10 қыркүйекте күндіз солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік- батысқа ауысады 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

10 қыркүйекте түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Орал қ: күндіз 10 қыркүйекте найзағай күтіледі. 10 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде. орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Түнде 10 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Орал қ: түнде 10 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысы

10 қыркүйекте түнде Қызылорда облысының шығысында, күндіз батысында найзағай күтіледі. 10-11 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 10-11 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы

10 қыркүйекте Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы

10 қыркүйекте күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде 15-20 м/с. 10 қыркүйекте облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 10 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде 15-18 м/с.

Ақтөбе облысы

10 қыркүйекте күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 10 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

10 қыркүйекте түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. қ. Шымкент: 10 қыркүйекте түнде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. қ. Түркістан: 10 қыркүйекте түнде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

10 қыркүйекте түнде Ақмола облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 10 қыркүйекте түнде және таңертең кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

10 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың батысында қатты жаңбыр кұтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында найзағай, облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 10 қыркүйекте найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Астана

Астана қ.: 10 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысы

10 қыркүйекте Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

Павлодар облысы

10 қыркүйекте күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. 10 қыркүйекте Павлодар облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде 10 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысы

09 қыркүйекте Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 09-11 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 09-11 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы

08-10 қыркүйекте Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, 09 қыркүйекте екпіні 23 м/с күтіледі. 08-10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 09 қыркүйекте түнде және таңертен найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 08-09 қыркүйекте күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 08-10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Новости партнеров