|
15.07.2022 | 12:21
45488

45 градусқа дейін ысиды: «Қазгидромет» демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі

45 градусқа дейін ысиды: «Қазгидромет» демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады ашық дереккөз

Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның бірқатар өңіріне оңтүстік циклон әсер етіп, жаңбыр жауады. 16-17 шілдеде солтүстікте, 17 шілдеде республиканың шығысында жел тұрып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

«Демалыс күндері солтүстік-батыс антициклонның жотасы еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райына ықпал етеді. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста +30+40°С, солтүстік-батыста +25+40°С, оңтүстік-батыста +36+45°С, оңтүстікте +33+42°С, оңтүстік-шығыста +20+35°С болса, еліміздің солтүстігінде + 24+33°С-тан +20+30°С-қа дейін, ортасында +27+38°С-тан +23+33°С-қа дейін, шығысында +21+33°С-тан +16+28°С-қа дейін төмендеуі күтіледі», - делінген синоптиктер хабарламасында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир