Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
6-8 тамыз аралығында Алматыда сынап бағанасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Күн қатты ыстық болуы ықтимал. Осыған байланысты,ТЖД төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
– Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырсыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12:00-ден 16;00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киіңіз және күнен қорғайтын сықпа май қолданыңыз;
– Ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;
– Сұйықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішіңіз;
– Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;
– Автокөлікпен ұзақ сапарды шектеуіңіз керек. Егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан көңіл күй төмендеп адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді;
– Балаларды көліктің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін; - Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және өміріңізге қауіп төнсе, «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).