Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысы, Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде бұршақ жауады.
Атырау облысының бірқатар аудандарында дауыл тұрып, жел екпіні 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жауады.
Алматы облысының таулы аймақтарында дауыл тұрады. Жел екпіні 25 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде күндіз күн ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.