|
22.11.2023 | 18:05
3349

Маңғыстауда оқушылар қашықтан оқуға ауысты

Төтеншеліктер облыс тұрғындарына үйден шықпауды ескертті

Маңғыстауда оқушылар қашықтан оқуға ауысты elements.envato.com

Маңғыстауда ауа райы күрт нашарлап, желдің екпіні күшейді. Салдарынан мектептер қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтеншеліктер облыс тұрғындарын сақ болуға шақырып, мейлінше үйде болуды ескертеді. Желдің жылдамдығы күшті болғаны соншалық, бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкеткен, ал тұрғындардың көшеде аяқ алып жүруі қиындаған.

– Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында көпқабатты 2 үйдің шатыры ұшып кетті. Соңғы жағдайға байланысты Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтарына ТЖД ескертеді. Қатты жел, дауылды уақытта далаға шықпаған жөн, – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы Данияр Елшібаев.

Ақтау қаласы бойынша 28 мемлекеттік, 13 жекеменшік мектеп қашықтан оқуға көшірілді. Бейнеу ауданында орналасқан 24 жалпы білім мекемесінің оқушылары, Түпқараған ауданындағы 10 мектептің бастауыш сынып оқушылары сабақты онлайн жалғастырады.

Оқи отырыңыз: Үш өңірде республикалық маңызы бар жол жабылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир