|
12.06.2023 | 21:20
439

Абай облысында алдағы күндері жауын-шашын болмайды – синоптиктер

Солтүстік-батыстан жел соғады

Абай облысында алдағы күндері жауын-шашын болмайды – синоптиктер Almaty.tv

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес алдағы екі күнде Абай облысында жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктер ақпарынша, солтүстік-батыстан жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 28-30 градус сынап бағанасын көрсетіп тұр. Кейбір аймақта көшпелі бұлт байқалады. 

Ал еліміздің солтүстік, қиыр шығыс, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік, батыс, орталықта шаңды дауыл, солтүстікте тұман болуы мүмкін.

«14 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік және шығыс аймақтарда температура климаттық бағытына қайта оралды, бұл ауа температурасы түнде +5+15°C дейін, күндізгі уақытта +17+25 дейін төмендейтінін білдіреді. Десе де, 13-14 маусымда республиканың батысында күн қатты ысып, ауа температурасы +40+41°C дейін жоғарылайды», – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир