|
16.08.2024 | 21:56
118

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Жаңбыр, найзағай болып, екпінді жел соғады

Алдағы күндері ауа райы қандай болады elements.envato.com

Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде солтүстік-батыс циклоны ауа райының тұрақсыздығын сақтай отырып, синоптикалық жағдайды қалыптастыруды жалғастырады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңбыр, найзағай, екпінді жел соғып, солтүстік жартысында бұршақ жаууы мүмкін. Жаңбыр 17 және 19 тамызда солтүстік-батыста, 18-19 тамызда солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста жаууы мүмкін.

Ауа температурасы республиканың батысында түнде +10 +20°С, күндіз +25+33°С дейін жоғарылайды, еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде түнде +8+18°С, күндіз +15+23°С, орталықта түнде +8+18°С, күндіз +20+28°С, шығыста түнде +10 +18°С, күндіз +25+35°С-тан +18+28°С-қа дейін төмендейді. Оңтүстікте түнде +18+23°С-тан +13+20°С-қа дейін төмен, күндіз +28+36°С, оңтүстік-шығыста түнде +20+25°С-тан +13+20°С-қа дейін, күндіз +28+37 °С-тан +23+30°С-қа дейін төмендейді.

Дереккөз: Қазгидромет

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир