|
Jol
17.08.2024 | 09:38
585

Алматыда Рысқұлов даңғылы уақытша жабылады

Табачнозаводская көшесінен батыс бағытта Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығындағы бұрылысқа дейін қозғалыс шектеледі

Алматыда Рысқұлов даңғылы уақытша жабылады elements.envato.com

Рысқұлов даңғылының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

17 тамыз сағат 23:00-ден 19 тамыз сағат 11:00-ге дейін Табачнозаводская көшесінен батыс бағытта Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығындағы бұрылысқа дейін қозғалыс жабылады.

18 тамыз сағат 23:00-ден 20 тамыз сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығының басынан Табачнозаводская көшесіне дейінгі шығыс бағыттағы учаскеде қозғалыс жабылады.

Рысқұлов-Сейфуллин және Рысқұлов-Жансүгіров жолайырықтарындағы жолдар арқылы екі бағытты да айналып өтуге болады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталары» сервистерінде жазылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир