Демалыс күндері ауа райы 43 градусқа дейін ысиды

Louis Thai/unsplash.com
Louis Thai/unsplash.com

Республиканың басым бөлігінде желдің күшеюі болжанады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, солтүстік пен шығыста – күшті жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, сондай-ақ 12 шілдеде батысында жоғары қысым алабының ықпалымен күн ашық әрі ыстық болады.

Республиканың басым бөлігінде желдің күшеюі болжанады.

«Күндіз еліміздің батысында 35-39°С қатты ыстық, кей аудандарда өте қатты ыстық 40-42°С дейін жетеді. 12–13 шілдеде оңтүстік-батыста өте қатты ыстық 39-44°С, ал 14 шілдеде 38-42°С күтіледі.

Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 17-25°С-тан 15-23°С-қа дейін сәл төмендейді. Шығыста температура негізінен 22–30°С шамасында болады. Оңтүстікте 40-43°С аптап ыстық, ал оңтүстік-шығыста 35-38°С қатты ыстық болжанады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жедел жәрдем қызметі бір орталыққа біріктірілді

Новости партнеров