Аптап ыстық салдарынан Шымкентте өрт оқиғалары жиілеп кетті

Жалпы мегаполисте жыл басынан бері 200-ден астам өрт болған екен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте аптап ыстық салдарынан өрт оқиғалары жиілеген. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті күн сайын 40-қа жуық жану фактісі тіркеліп жатқанын айтып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жалпы мегаполисте жыл басынан бері 200-ден астам өрт болған екен. Қызыл жалын көбіне тұрғын үйлер мен көліктерден шығып жатыр. Ал, мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш былтырғыдан 77 пайыз көп. Айта кету керек, биыл аталған апаттан 5 адам қайтыс болып, тағы төртеуін күйік шалған.  

«Күннің ысуына және 5-класты өрт қауіпті кезеңінің жиілеуіне байланысты біз тұрақты түрде күшейтілген тәртіпте үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әсіресе рейдтік іс-шаралар барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік шара қолдану күшейтілді. Қазіргі таңда 28 тұлғаға әкімшілік жауапкершілік жүктеліп, 668 мың теңгеден астам айыппұл салынды», – деді  Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы Нұрболат Педин.

Оқи отырыңыз: ҰБТ тапсыруға қосымша өтініш қабылдау процесі басталды

Новости партнеров