ҰБТ тапсыруға қосымша өтініш қабылдау процесі басталды

MChe Lee/unsplash.com/
MChe Lee/unsplash.com/

Тестілеу – 8-10 шілде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

4-6 шілде аралығында Ұлттық тестілеу орталығы 10-25 сәуір аралығында келесі дәлелді себептер бойынша өтініш бермеген талапкерлерден негізгі ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Денсаулық жағдайына байланысты емдеуде немесе карантинде болу (026/у медициналық анықтама болған жағдайда);
Жақын туысының қайтыс болуы (растайтын құжаттар болған жағдайда);
Республикалық және халықаралық олимпиадаларға, байқауларға және спорттық жарыстарға қатысу (№514 бұйрықтағы тізімге сәйкес);
Төтенше жағдайлар туындаған кезде.

Өтініш пен растайтын құжаттарды (+ жеке куәлік) тестіленушілер uto@testcenter.kz электрондық поштасына жолдау қажет.

Тестілеу – 8-10 шілде. 

Оқи отырыңыз: Атырауда 15 және 16 жастағы қос жасөспірім өздеріне қол жұмсады

 

Новости партнеров