Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты ретінде Қазақстан халқына ант берді
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Аманжол Әлтай депутат ретінде ант берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», - деді А. Әлтай.
Сонымен қатар, бүгін палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаты А. Әлтай Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «AMANAT» партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
09.09.2026 18:50
Ауырмаудың жолын іздеңіз: иммунитетті қалай күшейтуге болады
09.09.2026 21:40
Алматыда 7-13 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
09.09.2026 09:14
10 қыркүйекке арналған валюта бағамы
10.09.2026 09:16
9 қыркүйекке арналған валюта бағамы
09.09.2026 09:00