Тоқаев 300 мыңнан аса дауыспен Президенттік сайлаудың алғашқы үміткері боп тіркелді

Tengrinews.kz
Tengrinews.kz
Президенттің сенімді тұлғасы әрі штаб басқарушысы болып Мәулен Әшімбаев бекітілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президенттік сайлауға түсетін алғашқы кандидат тіркелді. «Нұр Отан» партиясы атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевқа 300 мыңнан аса қолдаушы сенім білдірген деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тек 180 мың қолдаушы қолын талап еткен Орталық сайлау комиссиясы бұған дейін оның тапсырған барлық құжат-қағаздарын дұрыс деп таныды. Саяси додаға түсетін үміткердің сенімді тұлғасы әрі штаб басқарушысы болып елдегі бас партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев бекітілді. Бүгінде Президент іссапарда болғандықтан, сайлауға қатысуға рұқсат беретін куәлікті М.Әшімбаев алды.

«Бүгінгі шешімнен кейін Қасым-Жомарт Кемелұлының республикалық қоғамдық штабы құрылады. Осы штабты басқаруды маған тапсырды. Біз заңда көрсетілген 11 мамыр күні сағат 18-00-ден бастап үгіт-насихат жұмыстарын бастаймыз. Үгіт-насихат, штабтың басқа да жұмыстары толықтай заң аясында жүргізіледі. Сондықтан осы сайлау ашық тұрғыда әділ өтетіндігіне ешқандай күмән жоқ», – дейді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен ӘШІМБАЕВ.

Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың науқан кезінде ел басқара беретінін айтты. Заңда нақты ондай талап жоқ болғандықтан, өкілеттілік тоқтамайды деді.


Новости партнеров