Зәуреш Баймолдина қызметінен босатылды

Зәуреш Баймолдина қызметінен босатылды
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Зәуреш Баймолдинаға жұмысы үшін алғыс білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина қызметінен босатылды, деп хабарлайды Тengrinews.kz.  

Мәжіліс отырысында, Зәуреш Баймолдинаның мерзімінен бұрын өз еркімен палатаға өкілеттігін тоқтату туралы арыз бергені белгілі болды.  

"Зәуреш Хамитқызы 2017 жылы 20 желтоқсандағы Мәжіліс қаулысымен ОСК мүшесі болып тағайындалды. Қазақстандағы сайлау туралы Конституциялық заңның 19-бабы 6-бөлігі 1-тармағына сәйкес сайлау комиссиясының мүшесі өз еркімен өтініш берген жағдайда өз міндеттерінен босатылады. Осы жағдайды ескере отырып, Баймолдинаның ОСК мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамыз", - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Зәуреш Баймолдинаға жұмысы үшін алғыс білдірді.

Зауреш Баймолдина 2017 жылы желтоқсаннан бастап Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап Әділет министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2008-2012 жылдары аралығында Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің инспекторы болды.


Новости партнеров