Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Сурет: Аkorda.kz
Сурет: Аkorda.kz
Бауырлас Түрікменстан халқына бақ-береке тіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Сердар Бердімұхамедовті және Түрікменстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап. 

 - Қазақстандықтар Түрікменстанның зор жетістіктеріне шын ниетпен тілеулес және екі ел арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, тату көршілік қатынастар мен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береді, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы өзара бірлескен күш-жігердің нәтижесінде қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің көкжиегі кеңейіп, көпжақты қарым-қатынастың даму қарқыны арта түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Түрікменстан халқына бақ-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда доллар, еуро және рубль қанша теңгеден сатылып жатыр

Новости партнеров