Асқар Мамин министрліктерге жаңа міндеттерді жүктеді

Асқар Мамин министрліктерге жаңа міндеттерді жүктеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңадан құрылған министрліктердің жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаулыға сәйкес, жаңа министрліктер құрылды. Сауда және интеграция министрлігіне ішкі және сыртқы сауда саясатын, экспортты алға жылжыту мен оны үйлестіру, стандарттауды техникалық тұрғыда реттеу міндеттері жүктелді. Ал Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қоршаған ортаны қорғау, геология саласындағы табиғи ресурстарды, елдің минералды-шикізаттық өндірісін тиімді түрде пайдалану міндеттері тапсырылды», – деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, сумен қамту қызметтері жүктелгенін атап өтті.

Еске сала кетсек, бүгін Үкімет үйінде қызметіне жаңа кіріскен министрлер ант берген болатын.

Новости партнеров