Бүгін еліміздің Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов отставкаға кетуге дайын екенін жеткізді. Бұл әрекетін министр Жақыпов ісі бойынша сот шешімі күшіне енген кезде жүзеге асырмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Меніңше, осылай еткенім жөн. Отставкаға кету – бірінші басшының моральдық міндеті. Оның қаншалықты кінәлі екенін жоғарыда тұрған басшылық анықтайды», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі РУСЛАН ДӘЛЕНОВ
Айта кетейік, күні кеше Нұр-Сұлтанның Есіл аудандық сотында Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаменті директоры Асланбек Жақыповқа қатысты сот тыңдалымдары аяқталды. Бұрынғы шенеунік Қылмыстық Кодекстің 190- бабы, 3-бөлімі, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Айыпты жазасын орта деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.