Маңғыстау облысында 12 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті

Фото: пресс-служба УЗ Мангистауской области
Фото: пресс-служба УЗ Мангистауской области
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысында 12 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті. Балаға дереу ота жасалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Лада».

Оқиға 29 мамырда Жетібайда болған. Шамамен 19:00-де Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылының 2007 жылғы тұрғыны ауыр жарақатпен дереу Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Баланың бас сүйегінің негізгі бөлігі сынып кеткен және ол травматикалық шок алған.

Әжесінің айтуынша, бала футбол алаңында ойнап жүрген уақытта оның үстіне қақпа құлаған.

«Дәрігер нейрохирургтар баланы қарап шыққан соң, басына дереу ота жасады: олар ісікті алып тастап, бас сүйегін тесіп операция жасады. Ота шамамен бір жарым сағатқа созылды. Қазіргі жағдайда баланың жағдайы тұрақталды», - деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері.



Новости партнеров