Алматыда «Нұр Отан» партиясы бақылау комиссиясының биылғы жылғы алғашқы отырысы өтті. Қалалық филиал жұмыс жоспарларын бекітіп, партия мүшелерінің жарғы мен этикалық кодексті сақтау мәселесін қарады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Белгілі болғандай, партия мүшелерінің бірі – азамат Маленьких әлеуметтік желілерде мемлекеттік органға негізсіз айып тағып, шағым жазған. Әлеуметтік желі барлығына қолжетімді платформа болғанына қарамастан, азаматтар жалған ақпарат таратқаны және негізсіз айып таққаны үшін жауапты екенін түсінуі керек. Бірақ партия мүшесі ереже мен этика кодексін қатаң бұған. Сондықтан бақылау комиссиясы Түрксіб аудандық филиалының бюросына оны партиядан шығаруға ұсыныс білдіріпті.
«Нұр Отан» ең алдымен өз қатарының тазалығы мен сапасын мінсіз етуге ұмтылады. Партия ұдайы халықтың мүддесін қорғап, қамқорлық жасайды дейді саяси ұйым өкілдері.
Бір жылда «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына тұрғындардан 10 мыңға жуық өтініш түсіп, олардың көпшілігі оң шешімін табады екен. Бұл туралы Алматы филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қалдыбай Қазанбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, партия заң аясында мәслихаттағы және Мәжілістегә фракциялары арқылы депутаттық сауалдар жолдау негізінде, сондай-ақ комиссиялық тыңдалымдар өткізу арқылы халықтың проблемаларын шешіп жүр.