|
21.03.2020 | 13:08
6639

Біз барлық қиындықты еңсеріп, келесі әз-Наурызды ынтымағы жарасқан ел ретінде қарсы аламыз – Мамин

ҚР Премьер-министрі қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Біз барлық қиындықты еңсеріп, келесі әз-Наурызды ынтымағы жарасқан ел ретінде қарсы аламыз – Мамин primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді шуақты көктемнің бастауы, тіршіліктің қайта жанданып, жаңаруын, жылулық пен сенімді, жарқын болашақты бейнелейтін сүйікті мерекеміз — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! 

Биыл біз әрбір азаматтың денсаулығын сақтау мақсатында Наурызды халық көп жиналатын мерекелік жиындарсыз, отбасымыздың ортасында атап өтіп жатырмыз. Біз барлық қиындықты оңай еңсеріп, келер жылы әз-Наурызды ынтымағы жарасқан көпұлтты ел ретінде бірге қарсы алатынымызға сенемін. 

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!», – деді Премьер-министр өз құттықтауында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир