Мегаполисте барлығы 675 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді, олар өз қатарында 60 мың партия мүшесін біріктіреді. Осы және басқа да көрсеткіштер партияның Алматы қалалық филиалының басшысы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ХXVII есептік-сайлау конференциясында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы нұротандықтар санының өсуі – партияға деген сенімнің жоғары көрсеткіш екенін атап өтті. Себебі «Nur Otan» пандемия жағдайында елдің дамуын қамтамасыз ете алатын жалғыз саяси күшке айналды. Карантин кезеңінде партия қиын жағдайда қалған азаматтарға жедел көмек көрсетті. Бұл партия көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорының арқасында мүмкін болды. Сонымен қатар, партиялық жобалар аясында 7 мыңнан астам аз қамтылған азаматтарға жеке санитарлық қорғау құралдары түрінде 150 млн. теңге бөлінді. «Almaty Birgemiz» қоры қала тұрғындарына 50 мың теңгеден берілді, олардың саны 60 мыңнан астам адамды құрады. 52 мыңнан астам мұқтаж отбасы демеушілік қаражат есебінен азық-түлік себетін алды. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында филиал 4000-нан астам қарт алматылықтарға атаулы көмек көрсетті. Шамамен 1000 адамға, оның ішінде ҰОС ардагерлері мен 80 жастан асқан адамдарға ыстық тамақ тегін жеткізілді.
«Алматылықтар «Nur Otan» ең алдымен қарапайым азаматтардың – дәрігерлердің, мұғалімдердің, жастардың, үкіметтік емес ұйымдардың, көпбалалы аналардың және белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдардың партиясы екеніне көз жеткізді. Сонымен қатар, соңғы жылдары алматылық нұротандықтар халықты толғандыратын мәселелер туралы айтып қана қоймай, нақты шешімдер ұсынады», – деп атап өтті партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев.
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында қолжетімді орта бойынша 680 нысан тексерілді, оның 521-і бейімделді. Ал «Құтты мекен» партиялық жобасымен 132 әлеуметтік маңызы бар нысан қамтылды, 59 нысан бойынша жұмыстар аяқталды, қалғаны тұрақты партиялық бақылауда. 2020 жылы партияның қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініштердің негізгі легі түскен. 35 мыңнан астам адам проблемасын шешу үшін жүгініп, ұсыныс мен тілек жолдады, бұл 2013 жылдан бастап жыл сайынғы ең жоғары көрсеткіш болды.
Конференцияда есеп беру кезеңіндегі жұмыс қорытындысын қарастырумен қатар, бақылау-тексеру комиссиясы мен Саяси
Кеңестің жаңартылған құрамы бекітілді. Сонымен Саяси Кеңестің құрамына алғаш рет елдің танымал тұлғалары кірді, олардың арасында көптеген танымал ғалымдар мен ғылым докторлары, сондай-ақ мәдениет өкілдері бар. Олар мемлекеттік және саяси қайраткер, саяси ғылымдар докторы Ақан Бижанов, техника ғылымдарының докторы, профессор Раиса Өскенбаева, медицина ғылымдарының докторы, онкология саласындағы жетекші ұлттық және халықаралық сарапшы Диляра Қайдарова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрдің бас дирижері Динзухра Тілендиева, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Әбдуәлиев және партияның жаңа тұлғасы – «Медицина» мамандығы бойынша PhD, ұзақ мерзімді күтімнің медициналық-әлеуметтік мәселелері бойынша БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының консультанты, Алматы қаласы мәслихатының жас депутаттар корпусының басшысы Әсия Ақанова.